Бішкекте ТМД елдерінде орманды сақтау және оны дамыту мәселесіне арналған халықаралық конгресс өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 460.37
  • 531.87
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте ТМД елдерінде орманды сақтау және оны дамыту мәселесіне арналған халықаралық конгресс өтеді

Бішкекте ТМД елдерінде орманды сақтау және оны дамыту мәселесіне арналған халықаралық конгресс өтеді

25-27-қарашада Бішкекте ТМД елдері мамандарының қатысуымен "Орман саясаты: проблемалар және оны шешу" тақырыбы бойынша аймақтық конгресс өтеді.

  • 22 Қараша 2004
  • 523
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан мемлекеттік орман қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, конгресс өзара ынтымақтастық орнату және нығайту, орман саясатын жүзеге асыру саласында тәжірибе мен білім алмасу мақсатын көздейді.

Шараны Қырғызстан мемлекеттік орман қызметі, Норвегия орман тобы, БҰҰ-ның Бүкіләлемдік азық-түлік ұйымы, орман шаруашылығын қорғау жөніндегі Қырғыз-Швейцар бағдарламасы бірлесе ұйымдастырып отыр.
Конгресске Молдова, Украина, Ресей, Орталық Азия елдері мен халықаралық ұйымдрдың мамандары шақырылған.