Бішкекте үкімет үйіне тағы да шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте үкімет үйіне тағы да шабуыл жасалды

Бішкекте үкімет үйіне тағы да шабуыл жасалды

Бүгін, 17-маусымда Қырғызстан мемлекет басшысы лауазымынан үміткер Урматбек Барыктабасовтың жақтастары Бішкектегі үкімет үйіне тағы да шабуыл жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Маусым 2005
  • 408
Фото - Caravan.kz

Бішкек уақыты бойынша 10 сағат шамасында үкімет үйінің жанында наразылық шарасы басталды. Митингіге қатысушы 200-дей адам Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясынан У.Барыктабасовты президенттіктен үміткер ретінде тіркеуді талап етті. Тобырдың қысымына төтеп бере алмаған үкімет үйінің күзетшілері шегінуге мәжбүр болып, шараға қатысуышлар үкімет үйіне басып кірген.

KZ-today тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, шараға қатысушылар момақан әрекет етуде. Олар алдыңғы жолғыдай терезеден жиҺаз бен мүлікті лақтырып , бөлмелерді қиратып жатқан жоқ. Соған қарамастан, үкімет үйіне таяу орналасқан ірі дүкендер сақтық үшін жабылуға мәжбүр болды.
Қазір милиция мен арнайы бөлімшенің жауынгерлері үкімет үйінің жанында шоғырландырылуда.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы Урматбек Барыктабасовты президенттіктен үміткер ретінде тіркеуден бас тартқан. Комиссияға оның Қазақстан азаматы екенін айғақтайтын дәлелдер келтірілді.

Перейти к новостям спорта