Бішкекте Ұжымдық Қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте Ұжымдық Қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісі өтеді

Бішкекте Ұжымдық Қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісі өтеді

19-20-қарашада Бішкекте Ұжымдық Қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісі өтеді. Бұл туралы бүгін, 13-қарашада KZ-today тілшісіне Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Қараша 2003
  • 496
Фото - Caravan.kz

Сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісіне Ұжымдық Қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше елдердің, атап айтсақ, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қазақстанның сыртқы саясат мекемесінің өкілдері қатысады. Қазақстандық өкілдерді сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев басқарып барады. Отырысқа Ұжымдық Қауіпсіздік келісімі ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа қатысады.

Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісіне ТМД-ның бірқатар мемлекетаралық органдарының басшылары, соның ішінде ТМД Атқару комитетінің төрағасы Юрий Яров, ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапота, ТМД парламентаралық Ассамблеясы кеңесі хатшылығының бас хатшысы Михаил Кротов, ТМД елдерінің лаңкестікке қарсы күрес орталығының Орталық Азиялық бөлімінің жетекшісі Сергей Рева, Ұжымдық Қауіпсіздік келісімі ұйымының біріккен штабы бастығының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Василий Завгородний сынды ресми өкілдер қатысады деп күтілуде.
Отырыста Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2003-жылдың 28-сәуірінде Душанбеде өткен сессиясының Ұжымдық Қауіпсіздік келісімі ұйымы іс-қызметінің бірқатар бағыттарын айқындап берген шешімдерін жүзеге асыруға қатысты мәселелерді, Ұжымдық Қауіпсіздік келісімі ұйымының Солтүстік Атлантикалық Альянспен өзара ықпалдастық перспективалары, ұйымның Тұрақты кеңесі мүшелерінің мәртебесі туралы мәселелерді талқылау межеленген.
Отырыс аясында Қырғызстан президенті Асқар Ақаевтың форумға қатысушылармен кездесуі өтеді деп күтілуде.
Қырғызстанға жасайтын сапары барысында Сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісіне қатысушылар Қант әуебазасына барып қайтады.

Соңғы жаңалықтар