Бішкекте жалпыхалықтық шерулер басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте жалпыхалықтық шерулер басталды

Бішкекте жалпыхалықтық шерулер басталды

Бішкекте оппозиция өкілдерінің рұқсатсыз шерулері басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Наурыз 2005
  • 373
Фото - Caravan.kz

Шерулер Көкжар тұрғын үйлер массивінде басталған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бүгін түнде бұл ауданда атыс үні естілген.

Осы сәтте жиналған халық қаланың негізгі көшелерін бойлай қала орталығына бет алды. Шеруге қатысушылар Үкімет үйін қоршап алды. Оппозиция жақтастырының бір бөлігі тәртіп сақшыларының шебін бұзып, қорғаудағы аумаққа өтіп кетті.
Қаладағы көлік қозғалысының ырғағы бұзылды. Өтіп бара жатқан көліктерге қаратып тас ату оқиғалары тіркелген. Дәлелденбеген деректерге сәйкес, құрбан болғандар бар. Бірнеше адам қаза тапқан.
Ал кейбір мәліметтерге қарағанда, президент Асқар Ақаев қаладан тысқары шығып кеткен. Ол қазір қала сыртындағы бір сарайында деген мәлімет бар.
Қырғызстан президенті әкімшілігіндегі ақпарат көзінің KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, мемлекеттік хатшы Османкул Ибраимов қалыптасқан ахуалға байланысты отставкаға кетті.

Перейти к новостям спорта