Бішкектегі коммерциялық кәсіпорындардың шеккен шығын көлемі алдын-ала 100 млн. долларға бағалануда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкектегі коммерциялық кәсіпорындардың шеккен шығын көлемі алдын-ала 100 млн. долларға бағалануда

Бішкектегі коммерциялық кәсіпорындардың шеккен шығын көлемі алдын-ала 100 млн. долларға бағалануда

Бішкектегі коммерциялық кәсіпорындардың тонаушылық салдарынан шеккен шығын көлемі алдын-ала 100 млн. долларға бағалануда. Бұл туралы бүгін, 28-наурызда Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында Халықаралық іскерлік кеңестің бас директоры Дэвид Грант мәлімдеді,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Наурыз 2005
  • 404
Фото - Caravan.kz

Д.Гранттың айтуынша, 2005-жылы Халықаралық іскерлік кеңес мүшелері республикаға 80 млн. доллар көлемінде инвестиция енгізуді жоспарлаған. «Қазір бұл инвестицияның тағдыры неғайбіл күйде»,- деді ол. Қырғызстан экономикасына салынатын болашақ капитал алдағы апталардағы ел ішіндегі тұрақтылыққа байланысты, деді ол.

Халықаралық іскерлік кеңеске мүше компаниялар шығынды мемлекеттік бюджет қаржысының есебінен өтеп беруді талап етпекші. Шығынның өтемі ретінде Д.Грант зардап шеккен компанияларға салықтан жеңілдіктер жасауды сұрап отыр.
Қазіргі жағдаймен халықаралық іскерлік кеңеске 70 ірі шетелдік және отандық инвесторлар мүше.

Перейти к новостям спорта