Жарияланды: 320

Бішкектегілер инфляция көршілердегі жағдайға байланысты болып отыр дейді

Қырғызстандағы инфляция өсімі көрші елдердегі жағдайға байланысты болып отыр, деп мәлімдеді сейсенбіде баспасөз мәслихатында республиканың бірінші вице-премьері Жомарт Оторбаев.

Оның айтуынша, республикадағы жағдай көршілермен сыртқы саудадағы көптеген факторларға байланысты, сол себепті олардағы кейбір үрдістер Қырғызстан экономикасына әсерін тигізіп отыр, мәселен, жиналған астық, жанар-жағар майға бағаның өсуі, т.б. Сол себепті, деп атап өтті вице-премьер, 2012 жылдың нәтижелері бойынша Қырғызстанда инфляция деңгейі 10% артты. Біз Ресей мен Қазақстандағы инфляция деңгейінің артуына тәуелдіміз, деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін