Бішкектен ірі көлемдегі героинді Алматыға жеткізбек болған азамат құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 451.38
  • 487.22
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкектен ірі көлемдегі героинді Алматыға жеткізбек болған азамат құрықталды

Бішкектен ірі көлемдегі героинді Алматыға жеткізбек болған азамат құрықталды

Аймақтық есірткі саудасына қарсы күрес басқармалары есірткі қылмыстарын әшкерелеуге бағытталған бірқатар нәтижелі операциялар өткізді.

  • 14 Қараша 2012
  • 275
Фото - Caravan.kz

Алматы облысының жедел қызметкерлері тәркілеген екі келіге жуық героин сол шаралардың айғағы, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Жамбыл ауданына қарасты «Ұзынағаш-Самсы» тас жолында орналасқан «Ақтерек» рубеж бекетінде «Ниссан Максима» автокөлігін жүргізіп келе жатқан 27 жасар облыс тұрғыны ұсталған болатын. Аталған көліктің жолаушысы Алматы қаласының 52 жастағы тұрғынын тінту кезінде күртешесінің етек жағында беліне скотч лентасымен оралған, ішінде ақ түсті ұнтағы бар екі полиэтиленді пакет табылды. Сот-химиялық сараптамасы аталған ұнтақты зерттей келе оның «героин» есірткісі екенін анықтады.

Күдікті есірткіні Алматы қаласына тасымалдап жеткізу мақсатында, Бішкек қаласының тұрғыны шала таныс «Витя» есімді ер кісіден алыпты. Қырғыз елінің азаматы героинді межелі жеріне аман-есен жеткізу қызметін бір мың АҚШ долларына бағалаған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар