Жарияланды: 630

Бішкектіктер қырғыз қызына қол көтерген түрік кәсіпкерін жауапқа тартуды талап етті

Әділдік сұраған бішкектіктер бас көтерді. Бұл жолы көпшілік қырғыз қызына қол көтерген түрік кәсіпкерінің жауапқа тартылуын талап етуде. Ал оны бостандыққа шығарып жіберген судья "қызметінен кетсін"  дейді.

Келеңсіз оқиға биыл 16 сәуірде орын алған. Түрік азаматы Гюнеш Йылмаз сақтау мерзімі өтіп кеткен тауарды сатудан бас тартқаны үшін қарамағындағы сатушы қыздың бірін аяусыз соққының астына алған көрінеді. Соның салдарынан миы шайқалып, өзге де ішкі ағзалары қатты зақымдалған бойжеткенге қатарынан екі операция жасалды. Алайда соған қарамастан құзырлы орган қызметкерлері түрік кәсіпкерін ешқайда шықпау туралы қолхатпен бостандыққа шығарып жіберген. Ал қыздың жақтастары: “Егер сот сотқарға тиесілі жазасын бермесе, өзіміз жазалаймыз”, - деп ашынуда. 

Шолпан Орзубаева, зардап шегуші:

-  Есімді жинасам, лифтке  қарай сүйреп бара жатыр. Қашпақ болып едім, қолымды қайырып, ішке итерді. Ішім түйіліп барып, қайта жазылып кетті. Ептепқашып құтылып, күзетшіге бардым. Камераны қарап отырған күзет бөлімінің басшысы Саид маған жәрдемге де келген жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін