Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясына Бішкектің Свердловск ауданының әкімі Самарбек Болотбеков хабарлады.
Төтенше оқиға 29 қараша күні таңтертең болған. Оқиғадан бес адам зардап шеккен. Олардың арасында қазақстандық екі азамат бар.
Болотбековтің сөзіне қарағанда, шатырдың құлау себептері анықталып жатыр. "Алканов" сауда кешені шатыры опырылған соң уақытша жабылған.
Қараша айында "Дордой" базарында осымен екінші төтенше жағдай болып отыр. 27 қарашада қалың қардан базардың "Кербен"сауда кешені қатарларының арасындағы шатыр опырылған.