Бішкешкте үшінші халықаралық банк конференциясы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкешкте үшінші халықаралық банк конференциясы өтеді

Бішкешкте үшінші халықаралық банк конференциясы өтеді

БІШКЕК. 20 шілде. Kazakhstan Today. 26-29 шілде аралығында Бішкекте "Экономикалық нарықтың жаҺандануында банкаралық ынтымақтастық" атты үшінші халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Шiлде 2006
  • 348
Фото - Caravan.kz

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, аталған шараға алғаш рет Кипр,Ұлыбритания,Швейцария, Қытай елдерінің қаржы институттары мен инвестициялық компания өкілдері қатысады. Конференцияны өткізуге «Euromoney» әлемдік қаржы журналы мен қырғыздың АзияУниверсалБанкі қолдау көрсетеді. Ұйымдастырушылар — Қырғызстанның банктер Одағы мен Мәскеу халықаралық валюта қауымдастығы.

Бішкек халықаралық банк конференциясы 2004 жылдан бері жыл сайын өткізіледі. Өткен жылдары шараға Армения, Белорусия, Қазақстан,Қырғызстан,Латвия, Молдова, Ресей, Украина және АҚШ елдерінен 250 делегат қатысқан болатын.

Перейти к новостям спорта