«Бітімгерлік операциялардың құқықтық аспекті» атты семинар өз жұмысын аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бітімгерлік операциялардың құқықтық аспекті» атты семинар өз жұмысын аяқтады

«Бітімгерлік операциялардың құқықтық аспекті» атты семинар өз жұмысын аяқтады

Құрлық әскерлері әскери институтының «Бейбітшілік үшін серіктестік» оқу орталығы базасында Қазақстан мен НАТО арасындағы Серіктестіктің Жеке іс-қимыл жоспары шеңберінде

  • 13 Маусым 2011
  • 439
Фото - Caravan.kz

Қазақстан армиясының әскери қызметшілеріне арналған «Бітімгерлік операциялардың құқықтық аспекті» атты бескүндік семинар өз жұмысын аяқтады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Семинар барысында әскери қызметшілер БҰҰ-ның бастамасымен НАТО-да жүріп жатқан және өткізілген бітімгерлік операциялардың құрылымымен, түрлерімен сондай-ақ міндеттерімен танысты.

«Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Орталық Азия аймағында НАТО-ның ресми түрде мойындаған бірден бір Оқу орталығы екенін атап өту қажет. Мұндай семинарлар 2007 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді, ал ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметшілерін «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы бойынша бітімгерлік операцияларға қатысуға дайындау халықаралық әскери ынтымақтастық саласындағы басты элементтердің бірі болып табылады.

Мұндай іс-шаралардың өткізілуі Қазақстан мен НАТО-ның өңірлік және халықаралық қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықтың белсенді түрде дамып нығаюына мол мүмкіндіктер жасамақ.

Соңғы жаңалықтар