Биыл 1 млн-ға жуық шетел азаматы Қазақстанға келуге өтініш берген - kaz.caravan.kz
  • $ 538.57
  • 629.48
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл 1 млн-ға жуық шетел азаматы Қазақстанға келуге өтініш берген

Биыл 1 млн-ға жуық шетел азаматы Қазақстанға келуге өтініш берген

Қазақстанға 87 елдің азаматтары визасыз келе алады

  • 22 Шiлде
  • 6
Фото: Freepik

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

— Ішкі істер министрлігі көші-қон бақылауын қамтамасыз ету шараларын қабылданып жатыр. Жалпы, қазір шетел азаматтарына қолайлы жағдай жасалған. Олардың елге кіру мен елде болу рәсімдері жеңілдетілді. Елімізге 87 мемлекеттің азаматтары визасыз кіре алады, — деді Бауыржан Әленов Үкімет отырысында.

Министрдің бірін орынбасарының мәлімдеуінше, электрондық виза 107 елдің азаматтарына виза беріледі.

— 2020 жылдан бері Қазақстанға келетін шетелдіктер уақытша тіркеуден босатылды, бұрын 5 күн ішінде есепке тұратын. Қазір шетел азаматтарының келгені туралы қабылдаушы тарап хабарлауға міндетті («Е-Қонақ» қосымша арқылы). Биыл 900 мыңнан астам өтініш түсті. Тіркеу тәртібін сақтамағаны үшін 14 800 адам жауапкершілікке тартылды. Осы орайда полиция шетел азаматтарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, — дейді ведомство өкілі.

Перейти к новостям спорта