Бұл адамдардың барлығы кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы Tobolinfo агенттігі жазды.
Биыл Қостанай облысында сот шешімімен 11 педофилге химилялық кастрация жасалады.
Әрбір қылмыскерді кастрациялау құны 130-135 мың теңге тұрады. Бұл сомаға дәрігерлердің кеңесі, тексеріс және жылына 24 инъекция салу кіреді.
Бұл қызметті көрсетуге мемлекеттік сатып алуды Жітіқара аудандық ауруханасы мен Арқалық өңірлік емханасы жеңіп алған. Шарттар орындалып жатыр.
Елімізде сексуалдық қылмыс көбейгендіктен, жаңа сараптама түрі пайда болады.
«Әділет Министрлігі «сот-сексологиялық сараптама» ретінде енгізу жұмыстарын бастады. Қарапайым тілмен айтқанда сараптама тексерілушінің жыныстық, психосексуалдық дамуда қандай да бір ауытқулардың бар немесе жоқтығы, ауытқулар байқалса, олар нені білдіретінін, педофилдерді анықтау, тексерілушіге химиялық кастрация қажеттігін анықтау, осы сияқты сауалдарға жауап береді», — деген еді Талғат Уәли.