Биыл 12 елде 31 қазақ тілін үйрету онлайн-сыныптарын ашу керек - Дәурен Абаев - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл 12 елде 31 қазақ тілін үйрету онлайн-сыныптарын ашу керек - Дәурен Абаев

Биыл 12 елде 31 қазақ тілін үйрету онлайн-сыныптарын ашу керек - Дәурен Абаев

Биыл 12 елде 31 қазақ тілін үйрету онлайн-сыныптарын ашу керек.

  • 27 Қаңтар 2020
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Қандастарды қолдауды одан әрі жалғастыру мақсатында биыл әлеуметтік-экономикалық қолдау шаралары кешенінің нақты пайымдауын жасау керек. Біріншіден, Отандастар форумын және Шетелдегі қазақтардың кіші құрылтайын жоғары деңгейде өткізу қажет. Екіншіден, 12 елде 31 қазақ тілін үйрету онлайн-кластарын және кемінде 7 елде қазақ мәдени-іскерлік үйлерін ашу керек», — деді министр. Дәурен Абаев үшіншіден, «қандастар» мәртебесін бір терезе принципі бойынша беруге арналған қызметті іске қосу қажеттігін айтты. «Вице-министр Марат Әзілхановқа биыл конфессияаралық және этникааралық қатынастар саласындағы барлық міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді ол.



 

Перейти к новостям спорта