Биыл 180-нен астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл 180-нен астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Биыл 180-нен астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Биыл 180-нен астам запастағы офицер екі жылдық әскери қызметке шақырылады.

  • 7 Маусым 2011
  • 396
Фото - Caravan.kz

14-мамыр күні премьер-министр Кәрім Мәсімов қол қойған жарлық ресми баспасөздің сейсенбідегі санында жарияланды және ресми жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде күшіне енеді.

Жарлыққа сәйкес, биыл запастағы 182 офицер әскери қызметке шақырылады. Соның ішінде мотоатқыштар әскеріне 21 офицер, танк әскеріне — 7, артиллеристерге — 18, Әуе қорғанысы күштерінің радиотехника әскеріне — 5, зенит-зымыран әскеріне — 13, автомобиль әскеріне — 10, медициналық қызметке — 26, химиялық әскерге — 6, инженерлік әскерге — 9, тәрбие жұмыстарына — 4, зымыран-артиллерия қаруы саласына 4 офицер және 1 қаржыгер алынады.
Сонымен қатар, әскери прокуратураның сұрауымен запастағы 10 заңгер, ҰҚК Шекара қызметіне 33 офицер, ТЖМ үшін 15 офицер екі жылдық қызметке шақырылады.

Соңғы жаңалықтар