Биыл Алматы облысында шетелдік жұмысшыларының қолымен 92 қылмыс жасалған -телеарна - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Алматы облысында шетелдік жұмысшыларының қолымен 92 қылмыс жасалған -телеарна

Биыл Алматы облысында шетелдік жұмысшыларының қолымен 92 қылмыс жасалған -телеарна

Алматы. 18 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ресми мәліметтерге сәйкес, биыл Алматы облысында шетелдік жұмысшыларының қолымен 92 қылмыс жасалған. Олардың ішінде 8 кісі өлтіру мен 20-дан астам тонау фактілері бар. Криминогендік жағдайды өршітіп алмау үшін облыстық полиция өз аумағын елімізде заңсыз жүрген шетел азаматтарынан тазарту операциясына кірісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Хабар" агенттігіне сілтеме жасап.

  • 18 Қараша 2008
  • 517
Фото - Caravan.kz

«Қала шетіндегі Алтын Орда базарының маңайында пайда болған жерді халық арасында құл базары деп аталып кеткен. Алматыдағы Сейфуллин көшесін бойлаған жұмыссыздардың басым көпшілігі қазір осы жерді паналап жүр», деп жазады телеарна тілшісі.

Полицияның рейдтері жұмысқа мұқтаж көпшіліктің ішінде жасырынып жүрген қылмыскерлер мен елімізде заңсыз жүрген гастарбайтерлерді анықтауға бағытталған.

«Рейд кезінде полицияның қолына түскен Талғат есімді жігіт Нүкістен келіпті. Оның айтуынша, Өзбексан аумағында шекараны айналып, таса жолдармен Қазақстанға жұмыс күшін жеткізіп тұратын қылмыстық топтар бар», делінген сюжетте.

Алматы облысына заңсыз жолдармен шетел жұмыс күшінің қалай келетіні, полиция үшін құпия емес. Алайда, Оңтүстік өңірдегі заң орындарының қайда қарап отырғаны түсініксіз.

Рейд кезінде ұсталған кейбір шетел азаматтарының төлқұжаты да жоқ. Ондай кезде, айтылатын уәждерге полицияның құлағы әбден үйренген. Жалпы биыл Алматы облысының аумағына ресми түрде 110 мың шетел азаматы келіп кетіпті. Статистика көрсетіп отырғандай, олардың тек 8,5 мыңы ғана туристер. Қалғандары, ресми түрде жұмыс іздеп келгендер көрінеді. Ал, «бейресми келгендерінің саны қанша?» деген сауалға бірде-бір мемлекеттік мекеме жауап бере алмай отыр, деоінген материалда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар