Биыл Алматыда шағын және орта бизнеске 71 млрд теңге бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
0 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Алматыда шағын және орта бизнеске 71 млрд теңге бөлінеді

Биыл Алматыда шағын және орта бизнеске 71 млрд теңге бөлінеді

Биыл Алматыда шағын және орта бизнесті дамытуға бюджеттен 71 млрд теңге бөлінбек. Бұл сома, оның ішінде жергілікті бюджеттің қаржыландыруын 2,5 есеге арттыру арқылы 52,6 млрд теңгеге жеткізіледі

  • 24 Қаңтар
  • 2
ФОТО: Алматы қаласының әкімдігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы жалпы 4 мың жобаны, оның ішінде 2 мың жаңа жобаны қолдауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

Бүгінде бұл салада қалад жұмыс істейтіндердің 85%-дан астамы, яғни шамамен 942 мың алматылық еңбек етеді.

Айта кетейік, Алматыда шағын және орта бизнестің экономикаға қосатын үлесін 2024 жылғы 60%-дан 2030 жылға қарай 75%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, 2024 жылы 2,5 мың жаңа жобаны қолдауға бюджеттен 53,1 млрд теңге бөлінген болатын.