Биыл «Алтын белгіге» ие 39 түлек мемлекеттік грантқа ие бола алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл «Алтын белгіге» ие 39 түлек мемлекеттік грантқа ие бола алмады

Биыл «Алтын белгіге» ие 39 түлек мемлекеттік грантқа ие бола алмады

Биыл «Алтын белгіге» ие 39 түлек мемлекеттік білім беру грантына ие бола алмады.

  • 12 Тамыз 2015
  • 532
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру, халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының міндетін атқарушы Серік Өмірбаев мәлім етті.

«Бізде 39 «Алтын белгі» иегері грант ала алмады. Мұндай жайт қалай орын алды? Өйткені, бұл санаттағылар әдеттегідей тек мәртебелі мамандықтарға құжат тапсырады. Ал өздеріңізде білетіндей, біз жылдан-жылға экономикалық және заңгерлік мамандықтарға гранттарды азайтып келеміз. Сондықтан да олардың грант ала алмай қалуы мүмкін», — деді ол.

Оның атап өтуінше, еліміздің Білім және ғылым министрі жоғары оқу орындарының ректорларына аталған түлектерге қолдау көрсету туралы өтініш жасаған.

«Енді «Алтын белгі» иегерлері сол жоғары оқу орнына барып, қабылдау комиссиясына өтініш жасауы тиіс. Олардың өтініштерін қабылдау комиссиясы міндетті түрде ректорға жеткізеді. Барлық ректорлар ең алдымен «Алтын белгі» иегерлеріне қолдау көрсетулері тиіс», — деді С.Өмірбаев.


Оның атап өтуінше, мұндай жайт жылда қайталанып отырады. Мәселен, осыдан бес-алты жыл бұрын жүзден астам «Алтын белгі» иегері грантқа іліге алмай қалған болатын. Дегенмен, іс жүзінде олар жаңа оқу жылында белгілі бір жоғары оқу орнына қабылданады.

Соңғы жаңалықтар