Биыл Астанада 10 мың ағаш егіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 511.92
  • 588.91
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Астанада 10 мың ағаш егіледі

Биыл Астанада 10 мың ағаш егіледі

Елордада "Ғашықтар" саябағында "Қалалық орта тұрақтылығы орталығы" қоғамдық қоры елорданы көгалдандыру бастамасы аясында екінші жыл сайынғы ағаш отырғызу акциясын өткізді

  • 19 Мамыр
  • 4
ФОТО: baq.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараның басты мақсаты — жаңа ағаштарды отырғызу ғана емес, сонымен қатар қала экожүйесіне үйлесімді кіріктірілген және оны сауықтыруға ықпал ететін тұрақты қалалық экожүйелерді қалыптастыру болды. Ағаш түрлері аймақтың климаттық, ландшафтық және экологиялық ерекшеліктеріне сәйкес таңдалды.

​Іс-шара барысында Астана қаласы Нұра ауданының әкімі Ришат Турдыбеков құттықтау сөз сөйлеп, мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ биылдың өзінде аудан аумағында 2700-ден астам ағаш отырғызылғанын, ал жалпы алғанда 2025 жылға арналған жоспар бойынша 10 000 ағаш отырғызу көзделгенін айтты.

Ал қалалық орта тұрақтылығы орталығының директоры Аслан Қандығұловқа қор елордада көгалдандырудың Жарғысына сәйкес ағаш отырғызу жұмыстарын белсенді түрде жүзеге асырып жатқанын, сондай-ақ отырғызылған жасыл желектерге ұзақ мерзімді күтім мен бақылау жүргізілетінін атап өтті.

Бұл бастама биыл да, алдағы жылдары да белсенді түрде жалғасатынын жеткізді.

Әрбір ағашқа Green ID атты бірегей цифрлық сәйкестендіргіш берілді. Бұл жүйе ағаштың түрі, отырғызу күні мен орны, жай-күйі және күтімі туралы мәліметтерді қамтиды. Осылайша, жобаның ашықтығы қамтамасыз етіліп, әрбір ағаштың өсу барысын қадағалауға мүмкіндік жасалды.

​Акция қала тұрғындары мен серіктес компаниялардың белсенді қолдауымен өтті.

​Іс-шара Нұра ауданы әкімдігі аппаратының қолдауымен ұйымдастырылды және қалалық ортаны жақсартуға, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған кең көлемді экологиялық бағдарламаның бір бөлігіне айналды.