Биыл астық дер кезінде жиналып бітеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл астық дер кезінде жиналып бітеді

Биыл астық дер кезінде жиналып бітеді

Биыл астық дер кезінде жиналып бітеді. Бүгін тілшілермен бірге егін алқаптарын аралаған Ауыл шаруашылығы вице-министрі науқанның қызу жүріп жатқанын көрсетті.

  • 15 Қыркүйек 2015
  • 314
Фото - Caravan.kz

Сапархан Омаровтың айтуынша, биылғы егін орағында 17 миллион тоннадан астам астық жинау жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, әлдеқайда артық. Үкімет осыған байланысты биыл экспорт көлемін де арттыруды көздеген. Сөйтіп, астықтың шамамен 7 миллион таннасы сыртқа тасымалданбақ. Басым бөлігі Иран, Қытай мен Ресейге жол тартады. Ал жылда ауа райының қолайсыздығына байланысты қар астында қалып жиналмай қалатын егін биыл қоймаларға толықтай уақытында әкелінеді деп отыр шенеуніктер. Оның үстіне бидайды жинап алу үшін диқандарға жанармай арзан бағамен сатылып жатыр екен.


Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

— Ауа райы астықты жинауға мүмкіндік беріп отыр. Оның үстіне биыл астықты жинау науқаны өте қызу жүріп жатыр. Дер кезінде астықты жинап аламыз деп ойлаймын.

Соңғы жаңалықтар