Биыл демалыс саласына құйылған инвестиция 37%-ға азайған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл демалыс саласына құйылған инвестиция 37%-ға азайған

Биыл демалыс саласына құйылған инвестиция 37%-ға азайған

Биыл қаңтар–сәуірде өнер, ойын-сауық және демалыс саласында негізгі капиталға инвестиция 35,3 млрд теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 33,2% аз.
Сектордағы күрделі салымдар көлемінің нақты қысқаруы 36,9%, деп хабарлайды Paryz.kz, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

  • 30 Мамыр 2022
  • 26
Фото - Caravan.kz

Сектордағы инвестицияның басым бөлігі Нұр-Сұлтанға тиесілі: 10,5 млрд теңге, жылдық өсім – 32,3 есе. Үздік үштікке Түркістан облысы (5,7 млрд теңге, минус 81,8%) және Шымкент (4,3 млрд теңге, жылдық өсім 10,8 есе) енді.

Инвестицияның ең аз көлемі Қостанай облысында: 82,9 млрд теңге, өткен жылмен салыстырғанданда 91,7% артық.

Күрделі салымдардың негізгі көлемі кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен қамтамасыз етілді: 17,6 млрд теңге, бір жылда минус 55,9%.

Сондай-ақ бюджеттен де салаға қомақты сома бөлінді: республикалық бюджеттен 10,1 млрд теңге, жергілікті бюджеттерден 7,5 млрд теңге. Тағы 146,8 млн теңге банктік емес қарыз қаражаты есебінен қамтамасыз етілді, өткен жылмен салыстырғанда 58,4% аз.

Жергілікті бюджеттердің шығынына тоқталайық. Биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша спорт, мәдениет, туризм және


ақпарат саласына 92,9 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 41,3% артық.

Ең көп шығын Түркістан облысында тіркелді: 13,6 млрд теңге, бұл өткен жылға қарағанда 92,9% артық. Мұнда үздік үштікке Алматы қаласы және Алматы облысы енді.

Сектордағы шығыстың ең аз бөлігі Маңғыстау облысында: 2,6 млрд теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23% артық.