Жарияланды: 1700

Биыл елімізде 100-ге тарта тұлға адам саудасы мен адам ұрлау фактілері бойынша сотталды

Биыл елімізде 100-ге тарта тұлға адам саудасы мен адам ұрлау фактілері бойынша сотталды

Биыл елімізде 100-ге тарта тұлға адам саудасы мен адам ұрлау фактілері бойынша сотталды.

Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдап, еліміздегі адам саудасының фактілеріне алаңдаушылық білдірген депутат Айгүл Нұркина осылай мәлім етті. Депутаттың айтуына қарағанда, елімізде Қазақстанның өңірлеріне жұмысқа заңсыз жегу мақсатында адам ұрлаудың бірқатар фактілері анықталған. «Ағымдағы жылдың 10 айында 231 қылмыстық іс осы адам саудасына қатысты қозғалған. Олардың ішінде 4-еуі жұмысқа заңсыз жегуге қатысты адам ұрлау болса, 13-і жұмысқа салу мақсатында адамды заңсыз бас бостандығынан айыруға, 21-і адам саудасына қатысты болып отыр. 35 оқиға жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу мақсатында адам ұрлау болса, оның 11-і кәмелетке толмағандар болып шыққан. 158 қылмыстық іс притондар ұйымдастыру мен оларды ұстауға қатысты қозғалды», - дейді Айгүл Нұркина. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 10 айында 98 тұлға адам саудасына қатысты сотталды. Осыған орай, депутат адам ұрлау мен сату қылмыстарының алдын алуға қатысты қабылданып жатқан мемлекеттік шараларға, жапа шеккендерді мемлекеттік қолдау істері бағытына назар аударды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін