Биыл елімізде 30-дан астам жұқпалы ауру түрлерінің айтарлықтай төмендеген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл елімізде 30-дан астам жұқпалы ауру түрлерінің айтарлықтай төмендеген

Биыл елімізде 30-дан астам жұқпалы ауру түрлерінің айтарлықтай төмендеген

Бір айдың ішінде елімізде 1 миллионға жуық адамға тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның бас дәрігері Шалқынбай Жандосов бүгін ҚазАқпарат тілшісіне Алматыда өтіп жатқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Халықаралық медициналық-санитарлық ережелерін жүзеге асыру бойынша көптарапты мемлекетаралық семинар кезінде айтты.

  • 31 Қазан 2012
  • 402
Фото - Caravan.kz


«Елімізде өткен 10 айдың ішінде 30-дан астам жұқпалы аурулардың төмендегенін көріп отырмыз. Оның ішінде — сары ауру, өткір ішек ауруымен ауыру сияқты түрлі сырқат түрлері бар. Бұған денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы аясында СЭС мамандарының жергілікті атқару органдарымен бірлесе отырып кешенді жұмыстар жүргізуі оң ықпалын тигізіп отыр», — дейді Ш.Жандосов. Шалқынбай Өтегенұлының айтуынша, мемлекет тарапынан оған жыл сайын 7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен 1 қазаннан бері еліміздің түкпір-түкпірінде тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Былтыр ол 1,2 миллион адамға егілсе, биыл енді 1,3 миллион адамды қамту көзделіп отыр. Қазір 1 миллионға жуық адам егіліп болды», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар