Биыл елімізде 750 мыңға жуық жұмыс орны ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл елімізде 750 мыңға жуық жұмыс орны ашылады

Биыл елімізде 750 мыңға жуық жұмыс орны ашылады

2018-ші жылы Қазақстанда 550 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады.

  • 4 Сәуiр 2018
  • 44
Фото - Caravan.kz

2018-ші жылы Қазақстанда 550 мыға жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нұржан Әлтаев бүгін өткен "Жұмыспен қамту және көші-қон заңнамасы саласындағы өзгертулер" тақырыбындағы баспаөз мәслихаты барысында айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Біздің еліміздегі жұмыссыздық деңгейі төмен.  Егер дүниежүзі бойынша қарстыратын болсақ, ол 5%-дан жоғары емес, ал биыл бұл көрсеткіш 4,9%-ды құрап отыр. Біз барлық аймақтар жоспарымен және пайда болатын жұмыс орындарымен таныстық. 2018-жылы 750 мың жұмыс орын ашылатыны туралы айтқым келеді. Бізде ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны, ашылатын жұмыс орындарынан әлдеқайда аз. 550 мыңға жуық адамды ағымдағы жылы жұмыспен қамтимыз", — деді Әлтаев.

Жұмыс берушілер мен жұмыссыздарың қарым-қатынас іс-әрекетін халықты жұмыспен қамту орталықтары мен агенттіктердің электрондық еңбек биржасы арқылы реттеу жоспарланып отыр.

"Халықты жұмыспен қамтуда аутсорсинг түсінігі енгізілуде. Бастапқы кезеңде аутсорсингке жұмыссыздарды кәсіптік бағдарлау мен жұмысқа орналастыру қызметтері беріліп, бұл ағымдағы жылы 60 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді", — деп атап өтті вице-министр.  


Сондай-ақ халықты жұмыспен қамту құралдары да жетілдірілуде. Осылайша жұмысқа орнасуға байланысты сұраныстар реті де жеңілдетіледі. Жұмыс іздеп жүрген азаматтар жұмыспен қамту орталықтары мен үкіметтің электрондық порталы арқылы ғана емес,  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы да әрекет тетуге мүмкіндік алады.

"Ұсынылған жұмысқа келісу немесе келіспеу туралы  ақпаратты жұмыссыздар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе ұялы байланыс құралдары арқылы  бере алады", — деді Нұржан Әлтаев.

Соңғы жаңалықтар