Биыл елімізде кімдердің жалақысы 2 есе көбейеді - kaz.caravan.kz
  • $ 527.3
  • 544.86
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл елімізде кімдердің жалақысы 2 есе көбейеді

Биыл елімізде кімдердің жалақысы 2 есе көбейеді

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге болды.

  • 6 Қаңтар
  • 18
Фото: pixabay.com

Биыл Қазақстанда азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттары үшін жалақыны кезең-кезеңімен 20 пайызға көбейту бастамасы тоқтамайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.

«Бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы көбейеді. Жалпы, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге ұлғаяды», — деп хабарлайды министрлік. 

Жалпы биылдан бастап басқа да бірқатар қызметкерлердің жалақысы өседі.

Ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің жалақылары 17%-ға өседі.

Білім беру ұйымдарының педагог емес қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға артады.

Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін журналистердің де еңбекақысы 20%-ға көбейеді.

Айта кетейік, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге болды. 2024 жылмен салыстырғанда АЕК 6,1 пайызға – 240 теңгеге өсті.

АЕК-тен басқа, республикалық бюджет туралы заңда базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі жалақы (ЕЖТ), ең төменгі зейнетақы мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейі бекітіледі.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге;

Ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге;

Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 46 228 теңге;

Ең төменгі жалақы мөлшері 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін өсті.