Биыл еліміздегі кейбір дәрі-дәрмектің бағасы күрт қымбаттаған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл еліміздегі кейбір дәрі-дәрмектің бағасы күрт қымбаттаған

Биыл еліміздегі кейбір дәрі-дәрмектің бағасы күрт қымбаттаған

Қазақстандағы дәрі-дәрмек өнімдері бір жыл ішінде 7 пайызға өсті

  • 14 Ақпан 2018
  • 165
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sn.kz Energyprom.kz. мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, еліміздегі фармацевтикалық өнімдердің бағасы жылдан жылға қымбаттап келеді екен. Мәселен, гормоналды дәрілердің құны — 21,6 пайызға, ауруды басатын дәрілер — 12,9 пайызға, ал асқазан ауруларына арналған препараттардың бағасы 7,5 пайызға артыпты. Орта есеппен алғанда дәрі-дәрмек елімізде 6,6 пайызға қымбаттаған.

2017 жылы қазақстандық дәрі-дәрмек өнеркәсібі ең қажетті деген дәрілерді көбірек өндіріп, оған 73,4 миллиард теңге жұмсаған екен. Бұл көрсеткіш жылдағыдан 73,1 пайызға артық. Бұған қарамастан, сырттан келетін дәрілерге әлі де мұқтажбыз. 2018 жылдың қаңтарындағы қорытындыға сәйкес, шет мемлекеттен келетін витаминдер көлемі 5,6 пайызға артқан.