Биыл елорда алғаш рет мемлекет бюджетіне шамамен 7,5 млрд теңге аударады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл елорда алғаш рет мемлекет бюджетіне шамамен 7,5 млрд теңге аударады

Биыл елорда алғаш рет мемлекет бюджетіне шамамен 7,5 млрд теңге аударады

Соңғы 5 жылда елорда бюджеті 1,2 есе өсіп, жеке табысы 2,3 есеге артты. Бұл туралы Астана қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасынан хабарлады.

  • 25 Тамыз 2015
  • 412
Фото - Caravan.kz


Ведомствоның ақпаратына қарағанда, 2015 жылы Астана қаласы алғаш рет мемлекеттік бюджетке 7,5 млрд. теңге шамасында ақша аудармақ.
Қала бюджетінің 32 пайызы әлеуметтік блокқа тиесілі. 5 жыл ішінде білім беру саласындағы шығындар 2 есе өсіп, 46,1 млрд. теңгеге дейін жеткен. Қаланың білім беру саласындағы мекемелер жүйесінде 80 балабақша, балаларға арналған 11 шағын орталық, 75 мектеп, 2 қазақ-түрік лицейі, дарынды балаларға арналған 1 «Зерде» мектебі, 1 арнайы коррекциялық мектеп-интернаты, 1 кешкі мектеп, 11 колледж, 3 психологиялық медициналық-педагогикалық коррекция орталығы, 2 қалпына келтіру орталығы және 2 коррекция бөлмесі, 1 балалар үйі, отбасылық типтегі 1 балалар ауылы, 1 кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу мен қалпына келтіру орталығы, 1 ақпараттандыру орталығы, сонымен қатар балаларға қосымша білім беретін Оқушылар сарайы мен 12 ұйым бар. 
Денсаулық сақтау саласындағы шығындар 5 жылда 1,7 есеге артып, 38,8 млрд. теңгені құраған. Денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдар жүйесіне 18 медициналық ұйым кіреді. Соның ішінде 1221 төсек-орындық 5 стационар, 6 амбулаториялық-емханалық ұйым (5 поликлиника, 1 ЖҚТБ-мен күрес және алдын алу орталығы), 1 қалалық жедел медициналық жәрдем стансасы, 4 басқа да ұйымдар және 2 медициналық білім беру ұйымы бар. Бес жыл ішінде бюджеттің ТКШ саласындағы шығыны 84,1 млрд теңгеге дейін өскен. 
«Транспаренттілік принципінің негізінде қала бюджеті бекітілген кезде және ары қарай нақтыланған сайын «Вечерняя Астана» мен «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланып отырады. Сонымен қатар алдағы сессия туралы хабарландырулар мен бюджет туралы мақалалар жарияланады», — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар