Қазір Қазақстан Республикасы аумағында жалпы ұзындығы 3,2 мың шақырым болатын 17 ақылы автожол учаскесі бар. Бұл учаскелер 2013-2023 жылдар аралығында кезең-кезеңімен пайдалануға берілді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Олардың ішінде «Астана-Щучинск» (211 км), «Астана-Теміртау» (134 км), «Алматы-Қонаев» (42 км), «Алматы-Қорғас» (295 км), «Астана-Павлодар» (375 км), «Қонаев-Талдықорған» (186 км), «Тараз-Қайнар» (238 км), «Шымкент-Қызылорда» (447 км), «Шымкент-Тараз» (90 км), «Шымкент-Ташкент» (84 км), «Щучинск-Көкшетау» (61 км), «Павлодар-Қалбатау» (453 км), «Бейнеу-Ақжігіт» (85 км), «Орал-Самара» (56 км), «Павлодар-Омбы» (198 км), «Көкшетау-Петропавл» (169 км) және «Орал-Саратов» (99 км) сияқты маңызды магистральдар қамтылды.
Атап айтқанда, биыл жол-жөндеу жұмыстарының аяқталуына қарай жалпы ұзындығы 2,2 мың шақырым болатын автожолдың 11 қосымша учаскесінде ақылы жүйені енгізу жоспарланған», — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Осы учаскелердің ішінде мына жолдар қамтылған: «Қызылорда-Арал» (455 км), «Ақтөбе-Мәртөк» (92 км), «Қостанай-Троицк» (163 км), «Ақтау-Бейнеу» (454 км), «Қостанай-Денисовка» (169 км), «Шу-Бурылбайтал» (184 км), «Үшарал-Достық» (180 км), «Балқаш-Бурылбайтал» (91 км), «Қандыағаш-Мақат» (332 км), Тараз қаласын айналып өту (57 км) және Қарағанды қаласын айналып өту (48 км) жолы.
«Бұл жолдарда ақылы жүйені енгізу олардың жағдайы мен қызмет көрсету сапасын жақсартуға, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Қазіргі кезде жалпы ұзындығы 710 шақырым, яғни «Қызылорда-Арал» (455 шақырым), «Ақтөбе-Мәртөк» (92 шақырым) және «Қостанай-Троицк» (163 шақырым) автожолдардың үш учаскесінде ақы алу жүйесін (ААЖ) енгізу бойынша нормативтік-құқықтық актілердің (НҚА) жобалары әзірленді. Осы учаскелерде ААЖ енгізу биылдың 1 қазанынан басталады деп жоспарланған. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 1,5 мың шақырым болатын қалған 8 жол учаскесі ақылы жүйені қосу үшін НҚА жобаларын келісу және талқылау сатысында тұр», — деп аталып өткен министрлік ақпаратында.