Биыл "Халықтық IPO" бағдарламасының орындалуы ойдағыдай болмады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл "Халықтық IPO" бағдарламасының орындалуы ойдағыдай болмады

Биыл "Халықтық IPO" бағдарламасының орындалуы ойдағыдай болмады

 Қазақстандық компаниялардың "Халықтық IPO"-ға акцияларды шығару мерзімдерінің кейінге қалдырылуы елдің қор рыногына кері ықпал етті, деп санайды Private Asset Management инвестициялық компаниясының аналитика департаментінің директоры Дамир Сейсебаев.

  • 15 Қараша 2013
  • 577
Фото - Caravan.kz

" Жоспарға орай бес компания, яғни IPO-ға — KEGOC, "Эйр Астана", "Қазтрансгаз", "Самұрық-Энерго" және "Қазмортрансфлот" акцияларын шығаруға тиіс еді, алайда рынок оның бірде-бірін көрмеді. Бұл әрине, қор рыногына кері ықпал етті", деді ол. 

Оның пікірінше, 2013 жылы бағдарламаны орындауға кедергі болған басты нәрсе Бірыңғай зейнеткерлік қордың құрылуы. Бірақ соған қарамастан ең болмағанды біреуі қор рыногына шығуға тиіс еді. Уақыт қолайлы болды", деді ол.

Д. Сейсебаев Қазақстанның қор рыногын дамыту үшін "Халықтық IPO" бағдарламасын одан әрі жүргізудің маңызды екендігін атап өтті.