Жарияланды: 280

Биыл контрабандаға байланысты қылмыстық істер көбейген

Биыл қозғалған қылмыстық істер шеңберінде Қазақстан кеденшілері шамамен 6 млрд теңгенің тауары мен валютасын тәркіледі, деп хабарлады Қазақстан қаржы министрлігінің кеден бақылауы комитеті төрағасының орынбасары Игорь Тен.

"Биыл (11 айда - ИФ-Қ) қылмыстық істердің саны 511 жетті, өткен жылғысы 448 болатын. Қылмыстық істер бойынша 5 млрд 924 млн теңгенің тауары мен валютасы тәркіленді, бұл өткен жылға қарағанда 4 есеге көп", деді ол Астанада дүйсенбіде комитетте өткен отырыста. Әсіресе есірткі заттарын тәркілеу саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді, деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін