Биыл контрабандаға байланысты қылмыстық істер көбейген - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл контрабандаға байланысты қылмыстық істер көбейген

Биыл контрабандаға байланысты қылмыстық істер көбейген

Биыл қозғалған қылмыстық істер шеңберінде Қазақстан кеденшілері шамамен 6 млрд теңгенің тауары мен валютасын тәркіледі, деп хабарлады Қазақстан қаржы министрлігінің кеден бақылауы комитеті төрағасының орынбасары Игорь Тен.

  • 24 Желтоқсан 2012
  • 264
Фото - Caravan.kz

«Биыл (11 айда — ИФ-Қ) қылмыстық істердің саны 511 жетті, өткен жылғысы 448 болатын. Қылмыстық істер бойынша 5 млрд 924 млн теңгенің тауары мен валютасы тәркіленді, бұл өткен жылға қарағанда 4 есеге көп», деді ол Астанада дүйсенбіде комитетте өткен отырыста.

Әсіресе есірткі заттарын тәркілеу саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді, деді ол.