Биыл мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады - kaz.caravan.kz
  • $ 506.21
  • 568.42
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

Биыл мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

Биыл мамыр айында Қазақстан халқын көптеген мереке мен демалыс күндері күтуде

  • 27 Сәуiр
  • 12
Копировальный центр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мамыр айында қандай мемлекеттік мерекелер бар?

Мамыр айында Қазақстан үш маңызды мемлекеттік мерекені атап өтеді:

• 1 мамыр (бейсенбі) – Қазақстан халқының бірлігі күні;
• 7 мамыр (сәрсенбі) – Отан қорғаушы күні;
 9 мамыр (жұма) – Жеңіс күні.

Бұл күндердің барлығы ресми демалыс күндері болып табылады. Сондықтан әдеттегі сенбі-жексенбіге қосымша бірнеше демалыс күндері қосылады.

2025 жылы 1 мамырда қазақстандықтар қалай демалады?

Бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін:

 1 мамыр (бейсенбі) – демалыс;
• 2 мамыр (жұма) – жұмыс күні;
• 3-4 мамыр (сенбі-жексенбі) – демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін:

• 1 мамыр – демалыс;
 2 және 3 мамыр – жұмыс күндері;
• 4 мамыр – демалыс.

Биылғы 7 және 9 мамырда қалай демаламыз?

Мамыр айының екінші аптасында бірден екі мереке бар.

Бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін:

• 7 мамыр (сәрсенбі) – демалыс;
• 9 мамыр (жұма) – демалыс;
• 10-11 мамыр (сенбі-жексенбі) – демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін:

• 7 мамыр – демалыс;
 9 мамыр – демалыс;
• 10 мамыр (сенбі) – жұмыс күні;
• 11 мамыр (жексенбі) – демалыс.

2025 жылдың мамырында қазақстандықтар жалпы қанша күн демалады?

• Бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін – мамырда 12 демалыс күні болады (мерекелерді қоса алғанда), ал жұмыс күндерінің саны – 19.
• Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін – 8 демалыс күні, жұмыс күндерінің саны – 23.