Бұл жолы жас келіншек оны сотқа беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Бәріңіз жарыса таң азанмен жолдаған Омардың постын оқыдым және өз сөзіне өзі жауап бере алмағаны үшін, балалары үшін жауапкершіліктен бас тартқаны үшін сотқа беремін деп шештім. Өз балаларын, менің 9 ай көтеріп, толғатып туған ұрпақты құнсыздандырғаны үшін сотқа беремін.
Биыл маскалар шешілетін жыл! Маған жәрдем бере алатын адвокаттар болса, жекеге шығыңыздар немесе осында белгілеңіздерші», — деді Мырзаш әлеуметтік парақшасында.