Биыл мемлекет есебінен оқу мүмкіндігі 32 мың талапкерге бұйырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл мемлекет есебінен оқу мүмкіндігі 32 мың талапкерге бұйырмақ

Биыл мемлекет есебінен оқу мүмкіндігі 32 мың талапкерге бұйырмақ

Биыл  білім  грантының басым бөлігі қазақтілді түлектерге бұйырмақ. Жалпы, Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, жаңа оқу жылында 32 мың студент мемлекет есебінен оқу мүмкіндігіне ие болады. 

  • 6 Тамыз 2015
  • 219
Фото - Caravan.kz

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

—  Биыл ҰБТ жоғары деңгейде өтті. Нәтижелері былтырғы жылмен салыстырғанда жоғары. Биыл конкурсқа қатысатын балалардың саны 67 мың. Олардың 78 пайызы  қазақ тілінде бітірген, 22 пайызы  орыс тілінде бітірген балалар. Осы 32 мың грант ішінде 78 пайызы қазақ бөлімдерге арналған.

Министр әр грантқа қазынадан қанша қаржы жұмсалатынын да айтты.  Олардың құны оқу орнының мәртебесіне байланысты екен. Мәселен, ұлттық университеттерде әр орын 600 мың, ал өзге жоғары оқу орындарында 300 мың теңге тұрады. Биылға  бөлінген  32 мың гранттың 12 мыңы-техникалық, 6 мыңы-педагогикалық, ал 2 жарым мыңы-ауыл шаруашылығы мамандықтарына беріледі. Ал бұл гранттар еліміздегі 112 жоғары оқу орнының тек 60-на  ғана үлестірілмек. Үкімет  университеттерді  материалдық-техникалық және білім беру сапасына  қарай таңдапты. Биыл да мемлекеттік грант  ең алдымен «Алтын белгі» иегерлері,  халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен зияткерлік  мектептердің түлектеріне беріледі. Байқау қорытындысы екі күннен кейін баспасөз беттерінде жарияланады. 

Соңғы жаңалықтар