Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Оның атап өтуінше, биыл Қазақстанда 36 модульдік полиция бекетін орнату көзделген. Қазіргі уақытта олардың 5-еуі Ақтөбе облысында, екі-екіден Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облыстарында орнатылған. Осылайша, 2019-2020 жылдары салынған бекеттерді қосқанда олардың саны бүгінде 58-ге жетіп отыр.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасына сәйкес, әкімдіктер 5 жылдың ішінде өңірлерде 176 модульдік бекет орнатуы тиіс. Бұл сан аумақтық полиция департаменттерінің өтінімі негізгі айқындалған. Осы жылдың соңына дейін Жол картасына сәйкес, мұндай тағы 30 бекет орнатылылады. Бұл жұмыс қазір жүргізіліп жатыр»,- деді комитет төрағасының орынбасары.
Серік Түсіповтің айтуынша, бекеттерді қаржыландыру өтінімін жергілі мәслихаттар қарастырып жатыр. Ал әкімдіктер жер учаскесі мәселесін шешетін болады.
«Бекеттер орнатылатын орын ретінде қала алаңдары, саябақтар, тұрғын үй шағын аудандары және өзге де адамдар көп жиналатын жерлер айқындалған», — деді ол.