Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
ВАК отырысында Қожаев полиция органдары ПТР-сынамасын қолдан жасау және өткізу дерегі бойынша жыл басынан бері 23 қылмыстық іс, ал вакцинация паспорттарын қолдан жасау дерегі бойынша төрт қылмыстық іс қозғалғанын баяндады.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ішкі істер министрлігіне ПТР-сынама нәтижелерін және вакцинация паспортын қолдан жасаумен айналысатын адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.