Биыл қанша жемқорлық қылмыстары тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл қанша жемқорлық қылмыстары тіркелді

Биыл қанша жемқорлық қылмыстары тіркелді

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ашу деңгейі өсіп келеді.

  • 19 Қараша 2015
  • 407
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ТМД елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекетаралық кеңесінің отырысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.

«Прокурорлардың үйлестіруімен Қазақстанның құқық қорғау органдарымен мемлекеттік басқару және қоғам өмірінің барлық салаларында жемқорлыққа қарсы күрестің кешенді шаралары жүргізілуде. Биылғы жылы 3088 жемқорлық қылмысы тіркелді, өсім 49 пайызды құрап отыр. Жыл сайын олардың саны артуда, бұл құқық қорғау органдарының ымырасыз ұстанымының арқасында. Осы қылмыстар бойынша мемлекетке келген жалпы шығын 8 млрд теңгені құраған, қазіргі уақытта оның жартысы мемлекет пайдасына алынды. Биылғы жылдың 10 айында жемқорлыққа барған 1 мыңнан астам тұлға сотталды. ТМД елдеріндегі әріптестермен ақпарат алмасу бағытында тығыз қарым-қатынас жасау барысында бұл жұмыс едәуір тиімді бола түседі деп сенемін», — деді А.Дауылбаев.

Оның атап көрсеткеніндей, Мемлекет басшысы жемқорлыққа қарсы күреске ерекше мән береді.


«Оның берген тапсырмалары бойынша Қазақстанда осы нәубетке қарсы күресте әлемдік тәжірибедегі ең озық институттар мен тетіктерді құрудың жаңа бағыты кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Біздің мемлекет ТМД елдері ішінде алғаш болып жемқорлыққа қарсы күрестің салалық құжатын қабылдады. Сонымен қатар негізінен қылмыстың алдын алуға бағытталған жаңа заң қабылдануға жақын», — дейді Бас прокурор.

Соңғы жаңалықтар