Биыл Қазақстан 5,5 млн. тонна астық экспорттай алады - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Қазақстан 5,5 млн. тонна астық экспорттай алады - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі

Биыл Қазақстан 5,5 млн. тонна астық экспорттай алады - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі

Биыл Қазақстанның астық бойынша экспорттық әлеуеті 5,5 млн. тоннаны құрайды. Бұл туралы бүгін, 7-қазанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Ақылбек Күрішбаев хабарлады.

  • 7 Қазан 2003
  • 397
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 2002-жылдың өзінде елімізден астық экспортталатын елдердің аясы кеңейген, соның нәтижесінде Қазақстан бидайы сатылатын елдер саны 23-тен 40-қа дейін артты.

Алайда, ауылшаруашылығы министрі орынбасарының бағалауынша, биыл «еліміздің негізгі экспорты Қазақстан бидайын дәстүрлі тұтынушы ТМД рыногін қамтымақшы».
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы » ЖАҚ-ның вице-президенті Абай Бейсембаевтың айтуынша, «мұндай ахуал Украина мен Ресейде биыл түсім мөлшері жылдық орташа көрсеткішке жетпей қалғандықтан қалыптасады, сол себепті бұл елдердегі астық тепе-теңдігінің сақталу мүмкіндігі күдік тудырып отыр». «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы » өкілінің айтуына қарағанда, қазір еліміздегі барлық қырмандарда астық сатып алуға бағытталған Ресей мен Украинаның «үлкен жорығы» басталды.

Соңғы жаңалықтар