Биыл «Қазақстан Патриоты» ерекше белгісімен бірнеше қазақстандық марапатталады
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Менің Қазақстаным» атты V Жалпыұлттық Қазақстан патриоттарының форумы өтеді. |
Аталған ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, форум жыл сайын өздерінің білімдері мен жасампаз еңбектерімен, белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымдарымен, ізгі амалдары мен батырлығымен, ерліктерімен және елімізді одан да көркейту құштарлығымен нағыз қазақстандық отансүйгіштіктің не екендігін барлығымызға көрсетіп жүрген мыңдаған отандастарымызды, барлық қазақстандықтардың ең жақсы ерекшеліктерін бейнелейтін азаматтарды біріктіреді.
Олар үздік спортшылар, еңбек сіңірген әртістер, танымал жаңашыл ғалымдар, жоғары кәсіби мамандар, қоғамдық пікір көшбасшылары. Бұл Еңбек Адамдары.
Дәстүр бойынша форумға қатысушылар «Жан жүрегім, Қазақстан!», «Асқақ азаматтық!», «Әлем таныған Қазақстан!», «Биікке самғаған Қазақстан!» аталымдары бойынша марапатталады.
Биылғы жылы «Қазақстан Патриоты» ерекше белгісімен бірнеше қазақстандық марапатталады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін