Биыл Қазақстан «ТМД желілік университетіне» 27 студентін жібереді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Қазақстан «ТМД желілік университетіне» 27 студентін жібереді

Биыл Қазақстан «ТМД желілік университетіне» 27 студентін жібереді

Мәскеудегі Ресей Халықтар достығы университетінде ТМД желілік университетінің жұмысын жетілдіру мәселелері жөнінде халықаралық семинар болып жатыр.

  • 31 Мамыр 2011
  • 404
Фото - Caravan.kz

Іс-шара ТМД-ға мүше мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорымен бірлесе ұйымдастырылып отыр.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаментінің бас сарпашысы Салтанат Төлеуованың хабарлағанындай, қазір «ТМД желілік университетінде» біздің еліміздің 20-ға жуық магистранттары мен студенттері білім алуда.

«2011-2012 оқу жылдарында Қазақстан республикалық бюджет есебінен «Желілік университетте» білім алу үшін қазақ студенттері мен магистранттарына 27 грант бөлді. Олар Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекттік университетінің студенттері», — деп толықтырды С.Төлеуова.

Соңғы жаңалықтар