Биыл Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасалған 465 факт анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасалған 465 факт анықталды

Биыл Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасалған 465 факт анықталды

Биыл Қазақстанда балаларға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасалған 465 факт тіркелген.

  • 12 Қазан 2015
  • 3074
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қылмыстың алдын алу жөніндегі басқарма басшысы Алексей Милюк мәлім етті.

«Ресми статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері балаларға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткендері үшін 133 қылмыстық іс қозғалған, ал  16 жасқа толмаған балаларды жыныстық қатынасқа тартқан және жыныстық сипаттағы басқа да әрекеттерге қатысты 465 факт тіркелді», — дейді А.Милюк.

Құқық қорғаушының айтуынша, балаларды қорғау үшін қолда бар заңнамаларға өзгерістер енгізіліп, бірқатар жаңа заң жобалары қабылданған.

«Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары балалардың құқығын қорғау бағытында, әсіресе, осы балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін бірқатар заң жобалары қабылданды. Ата-аналардың да жауапкершілігін арттыратын шаралар бар. Мысалы, жаңа Қылмыстық кодекске сай, өз баласының тәрбиесіне көңіл бөлмеген ата-аналарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға болады»,-дейді А.Милюк.


Маманның пікірінше, өзге заң жобаларымен қатар, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заң жобасы балалар мен жасөспірімдерге зәбір көрсететін, кәмелет жасына толмағандарға қатысты қылмыстар санын азайтқан.

Соңғы жаңалықтар