Биыл Қазақстанда сенаттың 16 депутаты қайта сайланатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Қазақстанда сенаттың 16 депутаты қайта сайланатын болады

Биыл Қазақстанда сенаттың 16 депутаты қайта сайланатын болады

Биылғы жылы 19-тамызда парламент сенатына сайлау барысында осы палатаның 16 депутаты сайланатын болады, яғни, бүкіл 14 облыстан бір-бірден және Астана мен Алматы қалаларынан бір адамнан, деп хабарлады Астанада сәрсенбіде баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

  • 15 Маусым 2011
  • 434
Фото - Caravan.kz

Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 16 -маусымда басталып, 19-шілдеге дейін созылады, кандидаттарды тіркеу 29 -шілдеге дейін жалғасады, сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын кандидаттар 30-шілдеден бастап 17-тамыздың сағат 24-не дейін жүргізе алады, деді ол.

Дауыс беру, есептеу, нәтижелерді жария ету шаруаларын аймақтық сайлау комиссиялары бір күнде -19-тамызда жүргізеді.
Сенат депутаттарының өкілетті мерзімі 6 жыл. Жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады.
Сенат құрамында 47 депутат бар, оның 32-і республиканың 16 аумағынан сайлаушылардың жиналыстарында сайланады, тағы 15 сенаторды мемлекет басшысы тағайындайды.
Сенат депутаттарын сайлау үшін биыл республикалық бюджеттен 142 млн теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар