Биыл Қазақстанда сүзек, туляремия, безгек, түйнеме, Денге безгегі сынды сырқаттар тіркелген
Биылғы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. |
Аталған уақыт аралығында халық арасында оба, тырысқақ, паратиф, дифтерия, полиомиелитке шалдыққандар болған жоқ. Дегенмен сүзек, туляремия, топалаң, құрыспа, малярия, Денге безгегі ауруларының бірлі-жарымы тіркелді.
«2011 жылдың осындай уақытымен салыстырғанда, нозологиялық сырқаттардың 29 түрі бойынша көрсеткіштердің төмендегені белгілі болды. Аьап айтсақ, өткір вирусты гепатит 36,2%, қышыма 31,8%, көкжөтел 31,3%, менингокок инфекциясы 31,2%, қырым қанды безгегі 20%, бруцеллез 17,8% қысқарған», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, өткір ішек инфекцияларына шалдыққандар саны 14,0%, туберкулез 6,9%, эхинококкоз 5,8%, сальмонеллез 4,8%, бактериялы дизентерия 2,1%, вирусты энтерит 2%, қызамық 3,1 есе, қызылша 2 есе төмендеген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін