Биыл қыс ерте басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл қыс ерте басталады

Биыл қыс ерте басталады

Орталық коммуникация қызметінде ҚР Энергетика министрлігі «Қазгидромет» РМК алдағы қысқы кезеңдегі ауа райы болжамына арналған  брифинг өтті. Онда Гидрометеорталық директоры Марина Шмидт пен Ауа-райының ұзақ мерзімді болжамдар басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева спикер болды.

  • 17 Қазан 2017
  • 244
Фото - Caravan.kz

Брифинг барысында Гүлмира Ақышева қарашаның жауын-шашынды және желді болып, таңғы және түнгі сағаттарда тұман басып, мұз құбылыстары күтілетіні туралы баяндады. Айдың екінші жартысында елдің солтүстігі, шығысы және орталығында жел күшейіп, боран соғып, қар күтіледі. Ай бойы суытудың үш толқыны — айдың бірінші, екінші және үшінші онкүндіктерінде күтіледі, әрқайсысы алдындағыдан қарқындырақ болады.   

Ұзақ мерзімді болжамдарға сәйкес Қазақстанда қыс ерте және қарлы болмақ. Марина Шмидт атап айтқандай, қарашаның соңында аяз күтіледі: «Қараша айының соңында-ақ Қазақстанның солтүстік жартысында түнде ауа температурасы түнде 30 дейін, күндіз 15 дейін аяз күтіледі. Оңтүстік жартысында түнде минус 15 дейін, күндіз 5 дейін аяз күтіледі».

Тұрақты қар жамылғысының қалыптасуы:

Қазақстанның солтүстігінде, шығысы мен орталығында – қарашаның ортасында;

Қазақстанның оңтүстігі мен батысында  – желтоқсанның екінші жартысында күтіледі.

Синоптиктердің ұзақ мерзімді болжамына сәйкес желтоқсанда арктикалық теңіз аудандарынан суық ауа массасының жиі енуінен республиканың шығыс жартысында суық және қарлы, ал батыс жартысында жылы ауа массасының шығуынан — жылы (нормадан 1°С жоғары) және аз қарлы ауа-райы күтілуде.    

2018 жылғы қаңтар Азиялық антициклонының ықпалынан, аз қарлы және суық болады. Елдің көп бөлігінде температуралық фон көпжылдық орташа мәннен 1…2°С төмен болады деп болжанады. Тек біздің республиканың батыс және шеткі оңтүстік аймақтарында температуралық фон нормаға жуық болады деп күтілуде. Ай ішіндегі жауын-шашын мөлшері батыста, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы және тау бөктері аудандарында нормаға жуық күтіледі.

Ақпанда мол қар жауып, қатты жел мен боран күтілуде. Осы ретте біздің Республиканың солтүстік-батыс жартысында  ультраполярлық суық ауа массаларының енуімен бірқалыпты аязды, ауа температурасы  климаттық нормадан 1…2°С төмен ауа-райы күтілуде, ал еліміздің  оңтүстік-шығыс жартысында оңтүстік циклондардың жиі шығуымен температуралық фон климаттық нормаға жуық болады деп күтілуде.


Күнтізбелік көктемнің басталуы құбылмалы болады:  нағыз қысқы жиі жауын-шашынды, қатты желді күндер көктемгі жылы және ашық күндермен алмасып тұратын болады

Ауаның орташа температурасы  наурызда нормадан 1°С жоғары оңтүстік-батыста және елдің оңтүстігінде, қалған аумақта – климаттық мәнге жуық болады деп күтіледі.

Жауын-шашын мөлшері батыста, солтүстікте, шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктері аудандарында нормадан жоғары, қалған аумақта – нормаға жуық болады деп болжанады.

 2017 жылғы қараша — 2018 жылғы наурыз аралығына арналған ауа-райы болжамы ТЖ қызметіне және жергілікті атқарушы органдарына қыс аралығына дайындық үшін жолданған болатын.

Спикерлер атап өткендей, маусымдық болжам 60% дәлелділікпен консультациялық сипатта беріліп отыр, ол кейіннен айлық, онкүндіктік ауа-райы болжамдарымен және осыдан қысқа мерзімді болжамдармен нақтыланатын болады.