Биыл Қызылорда облысында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізінің 500 шақырымын салу жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Қызылорда облысында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізінің 500 шақырымын салу жоспарлануда

Биыл Қызылорда облысында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізінің 500 шақырымын салу жоспарлануда

Көлік және коммуникация вице-министрі Роман Скляр 31 мамыр және 2 маусым аралығында Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жұмыс сапарымен болып, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы бойынша құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

  • 2 Маусым 2011
  • 468
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Дәліздің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ұзақтығы 2 787 шақырымды құрайды және 5 облыстың аумағы арқылы өтеді. 2 452 шақырым жол қайта жаңартылады. Жобаның жалпы құны — 825 миллиард теңгені құрайды. Жоба бойынша, 1 391 шақырым жолды I техникалық санаттағы 4 жолақты жол қозғалысына ауыстыру көзделуде, ал ұзақтығы 1 061 шақырымның қалған учаскелері II техникалық санатқа ауыстырылатын болады.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысында жалпы ұзақтығы 812 шақырымға созылатын 15 учаскеде «Салини» (Италия), «Аккорд/Окан» (Әзербайжан/Түркия), «Импреза» (Италия), «Тодини» (Италия), «Азеркорпу» (Әзербайжан) компаниялары құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Жалпы облыс бойынша 2010 жылы төменгі қабаттың 197 шақырым асфальт-бетон жамылғысы салынды. Үстіміздегі жылы 500 шақырым төсеу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымдармен 1188 техника жұмылдырылып, 216,7 мың текше метр шағылтас, 93 мың тонна құм-қиыршықтас қоспа және 0,8 мың тонна темірбетон бұйымдар әзірленді.

Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы ұзақтығы 224 шақырымға созылатын учаскелерде «Dena Rahsaz» (Иран), СП «Copri/Сейсер» (Куәйт/Қазақстан), «POSCO Ltd» (Корея), «Sinohydro Corporation Limited» (Қытай), «Kukdong Ltd.,» (Корея) және «Azerkorpu/Tepe» ӘК (Әзербайжан/Түркия) компаниялары құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар