Жарияланды: 400

Биыл ШЫҰ-ға төрағалық Қазақстаннан Қытайға ауысады

15 маусымда Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше-мемлекеттердің басшылары кеңесінің отырысы өтеді, ол ұйымның 10 жылдық мерейтойына арналады, деп мәлім етті СІМ-нің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов.

«ШЫҰ басшыларының алдағы мерейтойлық саммитінің негізгі тақырыбы ШЫҰ-ның өткен жылдағы қызметіне сараптама жасап, ұйымның ары қарайғы дамуын анықтау болады», - деді А. Әбдірахманов дүйсенбі күні брифингте. Шараның қорытындысы бойынша, ШЫҰ онжылдығының Астана декларациясын қабылдау жоспарланған. «Астанадағы саммит аяқталған соң ШЫҰ-ға төрағалық 1 жыл мерзімге Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына ауысады», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін