«ШЫҰ басшыларының алдағы мерейтойлық саммитінің негізгі тақырыбы ШЫҰ-ның өткен жылдағы қызметіне сараптама жасап, ұйымның ары қарайғы дамуын анықтау болады», — деді А. Әбдірахманов дүйсенбі күні брифингте.
Шараның қорытындысы бойынша, ШЫҰ онжылдығының Астана декларациясын қабылдау жоспарланған.
«Астанадағы саммит аяқталған соң ШЫҰ-ға төрағалық 1 жыл мерзімге Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына ауысады», — деді ол.