«Мемлекет басшысының бір жарлығымен ғана 35 судья қызметінен босатылды, мемлекет басшысы 10 күннің ішінде биылғы жылдағы екінші жарлыққа қол қояды. Қызметтерінен босатуға тағы 52 судья ұсынылды», — деді ол бейсенбі күні онлайн-конференцияда.
ЖС басшысы қазір судьяларға «сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері бойынша қатаң талаптар» қойылып отырғанын айтты.
«Қолынан келмегендер, арыз жазып, кетіп жатыр, кеткісі келмегендер судьялар жюриі арқылы қызметтен босатылуға ұсынылады», — деді Б. Бекназаров.