Биыл сот жүйесінен 35 судья шығарылды; 52 судьяны қызметінен босату ұсынылды – ЖС төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл сот жүйесінен 35 судья шығарылды; 52 судьяны қызметінен босату ұсынылды – ЖС төрағасы

Биыл сот жүйесінен 35 судья шығарылды; 52 судьяны қызметінен босату ұсынылды – ЖС төрағасы

Жыл басынан бері Қазақстанда түрлі деңгейдегі 35 судья қызметінен босатылып, 52-сі президентке қызметінен босатуға ұсынылды, деп мәлім етті жоғарғы сот (ЖС) төрағасы Бектас Бекназаров.

  • 28 Шiлде 2011
  • 551
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысының бір жарлығымен ғана 35 судья қызметінен босатылды, мемлекет басшысы 10 күннің ішінде биылғы жылдағы екінші жарлыққа қол қояды. Қызметтерінен босатуға тағы 52 судья ұсынылды», — деді ол бейсенбі күні онлайн-конференцияда.

ЖС басшысы қазір судьяларға «сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері бойынша қатаң талаптар» қойылып отырғанын айтты.

«Қолынан келмегендер, арыз жазып, кетіп жатыр, кеткісі келмегендер судьялар жюриі арқылы қызметтен босатылуға ұсынылады», — деді Б. Бекназаров.

Соңғы жаңалықтар