Биыл СҚО-да «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша оралмандарға арнап 100 үй салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл СҚО-да «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша оралмандарға арнап 100 үй салынады

Биыл СҚО-да «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша оралмандарға арнап 100 үй салынады

Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) оралмандарға арнап «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша биыл 100 тұрғын үй салынады, деп хабарлады сейсенбі күні СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасы.

  • 31 Мамыр 2011
  • 1133
Фото - Caravan.kz

«2008 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасы үкіметінің № 1126 қаулысымен 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Оның мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтарды, отандастарымызды қабылдау, орналастыру, депрессивті аудандарда тұратын Қазақстан азаматтарын ерікті негізде көшіру, облыс аумағында рационалды орналастыру. Бұл бағдарламаның басты міндеті тұрғын үй құрылысын несиелеу арқылы тұрақты жұмыспен және баспанамен қамту болып табылады», — деп еске салды полициядағылар.

СҚО-да «Нұрлы көш» бағдарламасының аясында аймақтық бағдарлама жасалып, бекітілді, ол Қызылжар ауданының Бәйтерек елді мекеніне этникалық қазақтарды орналастыруға қолдау көрсетуге бағытталған.

«2010 жылы мұнда 140 үй салынды, биыл тағы 100 үй салу жоспарланып отыр. Аумағы 75 шаршы метр болатын бір үйдің құны Т4,2 млн құрайды. Бұдан басқа, биыл Бәйтеректе мектеп-балабақша, дүкендер, наубайхана, шаштараз, дәмхана салу жоспарланған, бұл жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Жұмыс жағына келсек, тарихи отанына келгендерге бұл мәселе бойынша құзырлы органдар көмек көрсетеді», — деп хабарлайды көші-қон полицейлері.

Көші-қон полициясы басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылы «Нұрлы көш» бағдарламасына қатысатын 27 оралман отбасына жәрдемақы мен өтемақы төленді. СҚО-да бұл бағдарламаның аясында отағасына 100 АЕК, отбасының әр мүшесіне 2 арттырушы коэффициентін қолданумен 75 АЕК көлемінде бірреттік жәрдемақы төленеді.

«Баспана сатып алуға жеңілдікті тұрғын үй несиелері «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы 5,5 жылға, жылына 4 %-бен, банктегі есепшотқа үй құнының 50% жинақтау шартымен беріледі. Қалған сомасын банк 10 жылға тұрғын үй несиесі түрінде жылына 4,5 %-бен береді», — деп хабарлайды көші-қон полициясы.

Соңғы жаңалықтар